Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
«Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.04.2015 жылғы № 531 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 69, 1004-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 қаулысымен
бекітілген
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру,  қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
Полная версия
ИС BestProfi