Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.08.2014
Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9208 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.08.2014 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454, 462 және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Тұмабаев Қ.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2014 жылғы 18 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 28.03.2014 жылғы № 89 Бұйрығымен (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 10.04.2014 жылы тіркелді

Р/с №

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру

 

34 061,00

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қарағанды облысында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін салу және пайдалану

 

53 900,00

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі

3

Құпия

     

«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ

4

Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін қалыптастыру

23 000,00

   

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау

16 000,00

   

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

6

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына арналған ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері

6 800,00

   

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

7

GMP стандарттарына сәйкес диагностикалық және иммундық-биологиялық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешенді құру

16 494,00

   
 

Жиыны:

86 280,00

87 961,00

 
Полная версия
ИС BestProfi