«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығын іске асыру мақсатында және «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2015
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің орталық аппараты "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 ақпанда № 9177 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Төрағасының 21.12.2015 жылғы № 290-НҚ Бұйрығына сәйкес Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.05.2016 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің орталық аппараты «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің персоналды басқару қызметі Заң қызметі департаментімен бірлесіп осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Төраға Б. Қуандықов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы __________ А. Байменов 2014 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 5 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің орталық аппараты «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
1. Ішкі әкімшілік департаменті Ішкі әкімшілік департаментінің директоры (№ 06), С-1 санаты
| Критерийлер | Талаптар |
| Білімі | Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, политология, өңіртану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), жаратылыс ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, экология, метеорология), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдық, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өндеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, стандарттау, сертификаттау және метрология, тоқыма материалдары технологиясы және жобалау, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, тағам қауіпсіздігі, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігі, метрология), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, жалпы медицина). |
| Кәсіптік құзыреті | Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» , «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
| Жұмыс тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 болып тіркелген). |
| Функционалдық міндеттері | Департаменттің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау. Төрағаның Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің отырыстарына, басқа министрліктер мен ведомстволардың кеңестеріне қатысуы үшін материалдар дайындауды ұйымдастыру. Елбасының қатысуымен өткізілетін кеңестерге Төрағаның қатысуын ұйымдастыру. Төрағаның шетелдік делегациялармен, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, Агенттікке ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың басшыларымен және басқа да адамдармен тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша кездесулерін ұйымдастыру. Төрағаның қатысуымен өткізілетін кеңестерге материалдар дайындау және өткізуді ұйымдастыру. Төрағаның атына келіп түсетін хат-хабарларды қарау және оларды Төрағаға қол қоюға уақтылы ұсыну. Төрағаның тапсырмасы бойынша кеңестердің жұмысына қатысу және Төраға өткізетін кеңестерге бекітілген тізім бойынша Агенттіктің қызметкерлері мен адамдарының қатысуын қамтамасыз ету. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен, органдар мен ұйымдардың өкілдерімен тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау. |
2. Төрағаның көмекшісі (№ 06-1), С-3 санаты
| Критерийлер | Талаптар |
| Білімі | Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, политология, өңіртану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), құқық (юриспруденция, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), жаратылыс ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, экология, метеорология), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, техникалық физика, технологиялық машиналар және жабдық, жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастыру, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, құрылыс, құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, стандарттау, сертификаттау және метрология, тоқыма материалдары технологиясы және жобалау, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, тағам қауіпсіздігі, азық-түлік емес тауарлар мен бұйымдардың қауіпсіздігі, метрология), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, жалпы медицина). |
| Кәсіптік құзыреті | Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» , «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңдарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
| Жұмыс тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 болып тіркелген). |
| Функционалдық міндеттері | Елбасының қатысуымен өткізілетін кеңестерге Төрағаның қатысуын ұйымдастыру. Төрағаның шетелдік делегациялармен, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, Агенттікке ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың басшыларымен және басқа да адамдармен тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша кездесулерін ұйымдастыру. Төрағаның қатысуымен өткізілетін кеңестерге материалдар дайындау және өткізуді ұйымдастыру. Төраға өткізетін кеңестерге бекітілген тізім бойынша Агенттіктің қызметкерлері мен адамдарының қатысуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау. |
3. Баспасөз хатшысы (№ 06-2), С-3 санаты
| Критерийлер | Талаптар |
| Білімі | Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (социология, политология, журналистика, жұртшылықпен байланыс, халықаралық журналистика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар). |
| Кәсіптік құзыреті | Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» , «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңдарын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. |
| Жұмыс тәжірибесі | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 болып тіркелген). |
| Функционалдық міндеттері | Агенттіктің медиа-жоспарын құру. Агенттіктің материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында, Агенттіктің интернет-ресурсында жариялау. Агенттік жүргізетін ресми іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу. Жұртшылықпен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қоғамдық және өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік ету. Агенттіктің басшылығына қажетті есептілікті дайындау және ұсыну. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау. |
4. Ішкі бақылау басқармасы – 4 бірлік Ішкі бақылау басқармасының басшысы (№ 06-3), С-3 санаты
Полная версия

