Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
"Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 264 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес
 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 106-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасында:
«42. ИКАО-ның басқа Уағдаласушы мемлекетінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа да ұйымдар сұратқан біріктірілген аэронавигациялық ақпарат топтамасының элементтері басып шығарылған түрінде немесе электрондық форматта немесе екі нысанда да өтеусіз негізде нақты (поштамен, курьер арқылы) немесе тікелей электрондық тарату әдістерімен ұсынылады.»;
64-тармақ мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы.»;
«65. 64-тармақта санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Аэронавигациялық карталар» деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.»;
«86. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды түсіру (дайындау) сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға (аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіден аэронавигациялық ақпаратты алатын органға) жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процесс бойы қамтамасыз етіледі.
87. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау үшін деректер тұтастығының мынадай сыныптамасы қолданылады:
1) критикалық деректер: бұрмаланған критикалық деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы жоғары болады;
2) маңызды деректер: бұрмаланған маңызды деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы аз болады;
3) әдеттегі деректер: бұрмаланған әдеттегі деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы өте аз болады.»;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С.Ахметов 
Полная версия
ИС BestProfi