Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесінде:
«2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнама қолданылады.»;
«16. Жұмыс беруші мен қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыз арасында еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты жасалады.»;
«18. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi