Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді кезеңде су ресурстарымен орнықты қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2017
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 14.02.2017 жылғы № 420 Жарлығына сәйкес
1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп, бекітсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен енгізсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., №9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж., №11, 200-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«10. | Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі | 2013 жылғы 30 қазанға дейін | 2014 – 2020 жылдар | 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін». |
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Полная версия