Близость слов: Окончание:





Жол жүрісі туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуір № 194-V Заңы
Құжат мәтініндегі мүгедектерге», «Мүгедектерге», «мүгедек жүргізушілер», «мүгедектердің», «Мүгедектер», «Мүгедек», «Мүгедектерден» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «Мүгедектігі бар адамдарға», «мүгедектігі бар жүргізушілер», «мүгедектігі бар адамдардың», «Мүгедектігі бар адамдар», «Мүгедектігі бар адам», «Мүгедектігі бар адамдардан» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 31.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – шұғыл шақыру жүйесі) – навигациялық спутниктік жүйелердің сигналдары мен деректерін пайдалана отырып жұмыс істейтін, шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерге Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғалары және өзге де төтенше жағдайлар туралы қалыпқа түсірілген ақпарат беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
2) автомагистраль – көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан ғана әртүрлі деңгейлердегі жол айрықтары арқылы өтуге болады. Бұл жолдың:
2-тармақшаның бірінші абзацы өзгертілді ҚР 03.07.2017 жылғы № 83-VI Заңымен (13.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2017 жылы № 126 (28505) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
бiр-бiрiнен жүруге арналмаған бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүру үшін бөлек жүру бөлiктерi бар;
басқа жолдармен, темiржолдармен және трамвай жолдарымен және жаяу жүргінші жолдарымен бiр деңгейде қиылыстары жоқ;
автомагистраль ретінде арнайы белгіленген;
3) автомобиль – жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған көлік құралдарын жолдарда сүйретуге арналған, оның ішінде троллейбустарды қоса алғандағы механикалық көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды;
3-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2017 жылғы № 83-VI Заңымен (13.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2017 жылы № 126 (28505) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) айрықша мақсаттағы автомобиль – күзетілетін адамдарды тасымалдау және (немесе) олармен бірге ілесіп жүруге арналған көлік құралы;
5) аялдау – көлiк құралының жүрісін бес минутқа дейiн не, егер бұл жолаушыларды отырғызу немесе түсiру, көлiк құралын тиеу немесе түсiру үшiн қажет болса, одан да көбiрек уақытқа әдейі тоқтату;
6) велосипед – екi немесе одан көп дөңгелегі бар (мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшiмен қозғалысқа келтiрiлетiн көлiк құралы;
6-тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді 03.07.2017 жылғы № 83-VI Заңына сәйкес
7) велосипед жолы – велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді;
8) велосипед жүретін жолақ – жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді;
9) елді мекен – кіретін және шығатын жерлері тиісті белгілермен белгіленген, құрылыс салынған аумақ;
10) жаяу жүргінші – жолда көлiк құралынан тыс жерде тұрған және онда жұмыс жүргізіп жатпаған адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, электр самокатты, шағын электр көлігі құралын, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдар жаяу жүргiншiлерге теңестіріледі;
10-тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді 03.07.2017 жылғы № 83-VI Заңына сәйкес
10-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2023 жылғы № 12-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-1) жеке бөлінген жол – тек қана қоғамдық көліктің, оның ішінде жеңіл рельсті көліктің жүрісіне арналған жолақ. Жеке бөлінген жол қалған жүру бөліктерінен көлденең жол таңбаларының және жол белгілерінің көмегімен бөлінеді;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi