Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы  
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V Заңы
Редакция 20.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары және олардың негізгі мақсаттары
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (10.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) құқық қорғау органы болып табылады.
2. Адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғам мен мемлекет мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ішкі істер органдарының негізгі мақсаттары болып табылады.
3. Ішкі істер органдары өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде олардың қызметіне араласуға тыйым салынады.
2-бап. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізі 
1. Ішкі істер органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 203-VIII Заңына сәйкес (10.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-бап. Ішкі істер органдары қызметінің қағидаттары
Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет қағидаттарына және құқық қорғау қызметінің арнаулы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰЗЫРЕТІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Ішкі істер органдарының міндеттері 
1. Қазақстан халқына қызмет етуге тиісті ішкі істер органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;
4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жазалауларды орындау;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi