1 ЖАСАЛҒАН: Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi (ҚарМТУ) жанындағы Қазақстандық көпсалалы Қайта құру және даму институтымен (ҚазКҚДИ) «Қазкоммунжоба» институты» ЖШС-iмен, (орындаушылар: Ж. С. Нұғужинов, – жұмыс жетекшісі, А. Г. Тұрмағамбетов, М. Р. Нұрғужин, С. К. Абильдин, Т. М. Бахтиозина, П. А. Кропачев, А. И. Максимов).
Документ показан в демонстрационном режиме!
ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БАСШЫЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ПРАВИЛА ТЕХНИЧЕСКОГО НАДЗОРА ЗА СОСТОЯНИЕМ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ Енгізілген күні 2004.07.01
КIРIСПЕ
2 АУДАРЫЛҒАН: «Геотехстройинновация» ЖШС-імен.
3 ӘЗIРЛЕНГЕН: «KAZGOR» Жобалау академиясымен мемлекеттік тілге аударылуына байланысты қайта басуға.
4 ҰСЫНЫЛҒАН: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасымен.
5 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ
ҚОЛДАНЫСҚА ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылдың 26 мамырындағы № 251
ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI: бұйрығымен 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап.
6 Осы ҚР ҚБҚ Қазақстан Республикасы аумағында ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 05.02.2003 ж. № 42 бұйрығымен 01.07.2004 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген «Ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережелері» ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004-тің теңтүпнұсқалық мәтiні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.
7 ЕНГІЗІЛГЕН: Алғаш рет.
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Осы Ережелер ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау ережесі ғимараттар мен имараттардың жағдайына, олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында, техникалық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Ережелер Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын тұрғын үй қорын, азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды, өндірістік ғимараттар мен имараттарды пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес талаптармен әзірленді.
Ережелер бар ғимараттар мен имараттардың жағдайын техникалық қадағалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, (соның ішінде шетелдік), сонымен бірге тапсырыс берушінің қызметін атқарушы ұйымның қолдануына арналған.
1.2 Ережелер бар ғимараттар мен имараттардың жағдайына барлық құрылыс құрылымдарымен, санитарлық-техникалық құрылғыларымен бірге техникалық қадағалауды, сонымен қатар су құбырын енгізу мен канализациялық шығарылымдарды, ғимаратқа тікелей жақын аумақты жобалауды, сондай-ақ зауыт ішіндегі кіріс темір жолдардың және автомобиль жолдарының, түрлі эстакадалардың, платформалардың, ашық қоймаларды және басқа да имараттардың жағдайын техникалық қадағалауды қарастырады.
1.3 Қазақстан Республикасы теміржолдарының жалпы торабына кіретін жалпы пайдаланылатын теміржолдарды және кіріс жолдарды, жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын және оларға арналған имараттарды, көпірлерді, электрлік беріліс желілерін және байланыс ғимаратын, теңіз және өзен порты және кеме жүзетін имараттарды, қалалық су құбырлық-канализациялық имараттардың жылумен қамтамасыз ету және газбен қамтамасыз ету тораптары мен имараттарын пайдалану кезінде олардың жағдайына қарау үшін техникалық қадағалаудың салалық ережелерін басшылыққа алу керек.
1.4 Терминдер мен олардың анықтамалары 1-қосымшада келтірілген.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Ғимараттар мен имараттар пайдалану процесінде инженерлік-техникалық қызметкерлердің - техникалық қадағалау қызметінің тұрақты бақылауында болуға тиіс.
Полная версия