Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
ҚР ҚН 1.04-03-2002
 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
 саласындағы мемлекеттік нормативтер
 ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ  
 КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛҒАН ТҰРҒЫН,
 ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖӘНЕ
 КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІ
 ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ
  ПРИЕМКА В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ЗАКОНЧЕННЫХ КАПИТАЛЬНЫМ РЕМОНТОМ ЖИЛЫХ, ОБЩЕСТВЕННЫХ ЗДАНИЙ И ОБЪЕКТОВ КОММУНАЛЬНОГО НАЗНАЧЕНИЯ
 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің  
 Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
 ҚР ҚН 1.04-03-2002
 АЛҒЫ СӨЗ
1 ЖАСАҒАН «Қазкоммунжоба» институты» ЖШС  
2 АУДАРҒАН  «KAZGOR» Жобалау академиясы ЖШС
3 ҰСЫНҒАН Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) істері комитетінің Техникалық нормалау және құрылыс индустриясын дамыту басқармасы
4 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ  ҚР ИСМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің  
ҚОЛДАНЫСҚА 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен  
ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI 2007 жылдың 1 маусымынан бастап.
6 Осы құрылыс нормалары ҚР аумағында ҚР ИСМ Құрылыс істері комитетінің 11.04.03 ж. № 129 бұйрығымен 01.07.2003 жылдан бастап енгізілген орыс тіліндегі «Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау» ҚР ҚН 1.04-03-2002-нің теңтүпнұсқалық мәтіні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады.
7 Стандарттардың мемлекетаралық жіктеуішінің ҚР ҚН 1.04-03-2002 құрылымы бойынша 91.180-тарауына енгізілген, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер құрылымы бойынша 1.04 - кешенге кіреді
Енгізілген күні – 2003.07.01 
 Осы нормалар күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде сақталады.  
1.1 Осы нормалар меншік түріне тәуелсіз жеке және заңды тұлғаларға арналған күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттарды және коммуналдық қызметтегі объектілерді пайдалануға қабылдау тәртібін белгілейді.  
Қабылдау және жұмыс комиссияларының құрамы, өкілеттіліктері және міндеттері Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңдармен белгіленген.
1.2 Күрделі жөндеуі аяқталған тұрғын, қоғамдық ғимараттар және коммуналдық қызметтегі объектілер (әрі қарай объектілер) бекітілген жобаға сәйкес жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған кезде қабылдау комиссиясымен пайдаланылуға қабылданады.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі жөніндегі заңдармен қарастырылған жеке жағдайларда, күрделі жөндеуі аяқталған объектілерді пайдаланылуға қабылдау меншік иесімен өздігімен жүргізіледі.  
1.3 Жұмыс комиссиясымен белгіленген құрылымдар мен жүйелерді сынау бойынша құрылымдарды және (немесе) олардың түйіндерін ашу және әрі қарай бітеу жұмыстары, бас мердігермен қажет жағдайларда қосалқы мердігерлік ұйымдарды қатыстырып жүргізілуі тиіс.
1.4 Бас мердігер жұмыс комиссияларына келесі құжаттамаларды ұсынады:
1) сәйкес лицензиялары бар, олармен атқарылған жұмыстардың түрлері көрсетілген жөндеу-құрылыс (жинақтау) жұмыстарын орындауда қатысқан ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың тізімдемесін;
2) сәйкес лицензиялары бар жобалау ұйымдарымен немесе жеке тұлғалармен жасалған объектінің қабылдануына ұсынылатын күрделі жөндеудің құжаттама топтамасын;
Полная версия
ИС BestProfi