Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ аталған кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 209 қаулысы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабы 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2024 жылғы № 331 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері ;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүргізетін қазақстандық кемелерге бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері
Осы Шектер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 11.02.2019 жылғы № 50 Қаулысына сәйкес (11.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстандық кемелердің аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидалары, рұқсаттар қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде), ішкі суларында және континенттік қайраңында кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат алу тәртібін (бұдан әрі – рұқсат), оның қолданылуының кеңістіктегі және уақыттық шектерін айқындайды.
2. Осы Қағидалар мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына балық өнімдері мен өзге де өнімдерді (объектілерді) сату немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерді (объектілерді) шетелдік кемелерге ауыстырып тиемей жеткізу болып табылатын, кәсіпшілік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге (бұдан әрі – қазақстандық кемелер) қолданылады.
3. Заңды тұлға немесе дара кәсіпкер (бұдан әрі – бастамашы) рұқсат алу үшін электрондық форматта «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне (бұдан әрі – Шекара қызметі) мынадай құжаттарды:
1) қазақстандық кеме капитаны (иесі) жасаған кеменің рөлімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
5) шетелдік жұмыс күшін және азаматтығы жоқ адамдарды тартуға рұқсаттардың көшірмелерін;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.04.2024 жылғы № 331 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)