Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы күшін жойды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 126 бұйрығы
1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 27 ақпанда № 7441 тіркелді) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Бюджет саясаты департаменті (В.Р. Хисматулин) осы бұйрықтың көшірмесін бір апталық мерзімде ҚазақстанРеспубликасының Әділет министрлігіне жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi