Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 06.05.2014
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 27 ақпанда № 7441 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 06.05.2014 жылғы № 126 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Г. Жанбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кезекті үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру нысандары мен тәртібін анықтайды.
2. Жаңа бастамалар – бұл стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген және жаңа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру және (немесе) базалық шығыстарды ұлғайту жолымен жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары болып табылады (бұдан әрі – шығыстардың жаңа бастамалары).
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жоспарланған шығыстардың мақсаттылығы мен басымдылығын айқындау үшін кезекті жоспарлы үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығын білдіреді.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде пайдаланылады.
5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
6. Бірінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидалардының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды, бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамы құрамында бюджет комиссиясына шығарады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамын және әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын бюджет комиссиясы мақұлдаған күннен бастап үш күннен кейін ағымдағы шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытындыларын қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолдайды.
Екінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен алған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастырады.
7. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың қорытындысы осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларын сәйкес нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолданады.
2. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру нысандары және тәртібі
Полная версия