Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1571 Қаулысымен (05.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.01.2015 жылғы № 9 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1571 Қаулысымен (05.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 27 тамыздағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдері
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2012 жылғы № 423 Қаулысымен (27.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1571 Қаулысымен (05.02.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі мен мерзімдері (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін, оны әзірлеу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимыл тетігін айқындайды.
2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың орталық деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
4. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы – мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейінде әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамы.
5. Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әзірлейді.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
7. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарларын, үш жылдық кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.
2. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрылымы
Полная версия
ИС BestProfi