«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдармөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 435 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес «Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.12.2014 жылғы № 177 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 39, 442-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 435 қаулысымен бекітілген
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі – концессия субъектісі) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тарифтің шығын бөлігі – тарифті бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер (жұмыстар) көрсетуіне байланысты шығындар жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнынан және кезең шығыстарынан (жалпы және әкімшілік шығыстар, сату жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) тұрады;
2) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган;
3) концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – концессия субъектісі табиғи монополия саласында ұсынатын және белгілі бір тауарды тұтынушыға беру түріндегі көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге тиіс қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) инвестицияланған капитал – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін концессия субъектісінің меншікті қаражаты мен қарыз капиталының сомасы;
6) меншікті қаражат – концессия объектісін құруға және реконструкциялауға пайдаланылатын концессия субъектісінің ақша қаражаты (акционерлік (жарғылық) капитал, бөлінбеген пайдасы(таза кірісі) немесе амортизациялық аударымдары);
7) қарыз капиталы – концессия объектісін құру немесе реконструкциялау үшін қарыз (кредиттер алу, облигациялар шығару және сату, ақшалай міндеттемелердің басқа да түрлері бойынша қаражат алу) есебінен пайда болған капитал.
Полная версия