Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 421 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
«Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 07.08.2015 жылғы № 9-3/726 Бұйрығын қараңыз
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5 бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     Қазақстан Республикасының      Премьер-Министрі        К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 421 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары
     1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісі жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру (инвестициялық субсидиялар) тәртібін айқындайды.
     2. Инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектілері жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
     3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) АӨК-тің басымды бағыттары (секторлары) – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген едәуір даму әлеуеті бар АӨК бағыттары;
     2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
     3) жұмыс органы – облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;
     4) инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес АӨК-тің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын АӨК субъектісі;
     5) инвестициялық жоба – жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
     6) инвестициялық субсидиялар – инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторлар жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
     7) инвестициялық салыным – инвестициялық жоба шеңберінде жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындар;
     8) инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы, инвестор және оператор арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялардың қаражатын аударудың, мониторинг барысының тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін жазбаша келісім;
Полная версия
ИС BestProfi