«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 1 және 2014 жылғы 14 наурыздағы хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«7-1) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес ақы төлеу бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын онкологиялық аурумен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф;
8-қосымшада:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
« | 9 | «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалы | 224 826 | »; |
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін төртінші абзацты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 наурызда туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Б. Төкежанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 1-қосымша
Клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төленетін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін базалық тариф (ставкалар) құны
р/с № | Атауы | Тариф (теңге) |
1 | Базалық тариф құны (ставкалар) | 81 233,34 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы №143 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына 9-1-қосымша
Бір төсек күн үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын онкологиялық аурумен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф
р/с № | Медициналық ұйымның атауы | Базалық тариф (теңге) |
1 | Онкологиялық аурумен ауыратын балаларды оңалту | 5040 |
Бір алып жүруші адамға арналған тариф (1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана) | 1896 | |
Бір алып жүруші адамға арналған тариф | 694,1 |
Полная версия