Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2015
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 143 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығына сәйкес
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 1 және 2014 жылғы 14 наурыздағы хаттамаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес ақы төлеу бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын онкологиялық аурумен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«

9

«Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ Қызылорда филиалы

224 826

»;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 9-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін төртінші абзацты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 наурызда туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы           Б. Төкежанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 143 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
1-қосымша
Клиникалық-шығындық топтар бойынша ақы төленетін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін базалық тариф (ставкалар) құны

р/с №

Атауы

Тариф (теңге)

1

Базалық тариф құны (ставкалар)

81 233,34

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 наурыздағы
№143 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
9-1-қосымша
Бір төсек күн үшін ақы төлеу жүзеге асырылатын онкологиялық аурумен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдар үшін тариф

р/с №

Медициналық ұйымның атауы

Базалық тариф (теңге)

1

Онкологиялық аурумен ауыратын балаларды оңалту

5040

Бір алып жүруші адамға арналған тариф (1 жасқа дейінгі баланы емізетін ана)

1896

Бір алып жүруші адамға арналған тариф

694,1

Полная версия
ИС BestProfi