ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығы
Осы Жарлықтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығына сәйкес
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Назарбаев орталығы) базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кітапхана) құрылсын.
3. Кітапхананың штат саны 110 бірлік болып белгіленсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығымен (13.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2022 жылғы № 841 Жарлығына сәйкес (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» (бұдан әрі - «Астана» галереясы) республикалық мемлекеттік мекемесін құратын болсын;
2) «Астана» галереясы қорының сақталуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, Назарбаев орталығының 269 бірліктегі штат санының және Назарбаев орталығына бекітіп берілген мүліктің «Астана» галереясына берілуін қамтамасыз етсін;
3) Кітапхана мамандары мен қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларын (мөлшерлемесін) белгілеуді қамтамасыз етсін;
4) Кітапхананың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Жарғы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығына сәйкес (13.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Полная версия