2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.03.2015
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.03.2015 жылғы № 119 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 қаулысымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары
1. Негізгі ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін айқындайды.
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруы үшін айқындалады.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының жеткізілген лимиттері мен жаңа бастамаларға арналған лимиттердің шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өз қызметінің басымдықтарын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстарды өз бетінше бөледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстардың бірінші кезекті басымдығын өз бетінше айқындайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер шегінде ескерілмеген шығыстар макроэкономикалық сценарий мен кірістер болжамы көрсеткіштердің жақсаруы жағына қарай екінші кезеңде өзгерген жағдайда және/немесе тиісті бюджет комиссиясына қорытынды дайындау барысында мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органдар жекелеген шығыстарды қабылдамаған жағдайда бюджет жобасына енгiзiлуi мүмкiн.
2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау
5. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар елдің (өңірдің) әлеуметтік экономикалық дамуының және республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштерінің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының, жоспарланатын үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығы мөлшерінің негізінде айқындайды.
6. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жылдарға бөле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрқайсысы үшін жоспарланатын үшжылдық кезеңге жыл сайын өзгермелі негізде айқындалады.
Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған лимиттер әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы өзгерістер ескеріле отырып, кезекті үшжылдық кезеңге лимиттерді айқындаған кезде өзгертілуі мүмкін.
Макроэкономикалық болжам мен экономиканың өсу болжамы азаю жағына өзгерген жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстары лимиттерінің және жаңа бастамаларға арналған лимиттердің сомасы ағымдағы қаржы жылына арналған шығыстар бойынша бекітілген жоспардан номиналды Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) немесе Жалпы өңірлік өнімнің (бұдан әрі – ЖӨӨ) тиісті жылға болжанатын өсуінен аспауы тиіс.
Бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізілмейді.
Полная версия