Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 119 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 665 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 209-құжат).
2. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 459-құжат).
3. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 104-құжат).
4. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 43, 642-құжат).
5. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 886 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 719-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 299-құжат).
7. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 542 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 36, 343-құжат).
Полная версия