Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығы
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті ұйымдастыру және өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, мониторингтеу және бағалау базасында тиісті ұсынымдар әзірлеу, экономиканы «жасыл» әрі орнықты даму қағидаттарында жаңғыртуды қамтамасыз ететін Тұжырымдаманы іске асыру стратегиясын, тактикасы мен тетіктерін айқындау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (26.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Тұжырымдаманың негізгі ережелерін іске асыру, оны іске асырудың стратегиясы мен тактикасын, әдістері мен тетіктерін айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;
2) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021–2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық іс-шараларының нәтижелерін мониторингтеу, оларды іске асыруға кедергі болатын проблемаларды анықтау, сондай-ақ өндірісті және табиғат пайдалануды экологияландыру бағытында межеленген өзгерістерді толық көлемде орындауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия