Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 мамырдағы № 533 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
«Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.04.2015 жылғы № 307 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына,  9-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымщаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 22 мамырдағы
 № 533 қаулысымен
 бекітілген
   "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық   белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді,   бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация   құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар   мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық   заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік   тіркеу және қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
1. «Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
Полная версия
ИС BestProfi