Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2015
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 116 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9454 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.05.2015 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары, сондай-ақ арнайы қорғау шаралары қолданылған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Талқылау объектiлерi болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына сандық шектеулердi қолданбай лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тауарлардың жекелеген түрлерiнің Қазақстан Республикасының аумағына импортына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 8 тамыздағы № 242 бұйрығының ("Егемен Қазақстан" газеті 27.12.2012 ж. № 852-856 (27927) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жорспарлау министрлігінің Сауда комитеті (Д.В. Вагапов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрі Е. Досаев 
Полная версия
ИС BestProfi