Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11298 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 16.03.2020 жылғы № 51-НҚ Бұйрығына сәйкес    
Редакция 20.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауарлар түрлерiн экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары саласында дилерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 116 бұйрығын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9454 тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымдағы № 111 (28335) «Егемен Қазақстан», 2014 жылғы 12 маусымдағы № 113-114 (28338) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
Полная версия
ИС BestProfi