Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы N 373 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 29.10.2015 жылғы № 375-V Кодексіне сәйкес
Редакция 31.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейдi, инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiк бередi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиісті тізбесіне енгізілген құрамдас бөліктер;
2) жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;
2-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) инвестициялар – лизинг шарты жасалған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.10.2015 жылғы № 380-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 (28695) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық келісімшарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
4-1) инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау;
5-тармақша өзгертілді ҚР 31.10.2015 жылғы № 378-V Заңымен (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.10.2015 жылғы № 380-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 (28695) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;
7-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөніндегі қызметi;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.10.2015 жылғы № 380-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 (28695) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-1) инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;
9-тармақша өзгертілді ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңымен (04.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) инвестициялық стратегиялық жоба – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба;
10-1) инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.06.2014 жылғы № 209-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) инвестор – Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
Полная версия
ИС BestProfi