1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 11.06.2015
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 мамырда № 9464 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 11.06.2015 жылғы № 520 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің:
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қазанда № 7243 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 5 қарашадағы № 353-354 (26744-26745) санында жарияланған):
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 1 наурыздағы № 159 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 11 наурызда № 8370 болып тіркелген) бұйрықтарының күштері жойылған деп танылсын.
3. Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды нақтылайды. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің (бұдан әрі - ЖППСБ) жұмысын ұйымдастыруды белгілейді.
2. Ішкі істер органдары Жол-патрульдік полициясы жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - ӘҚБтҚРК), Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы», «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы», «Жол жүрісі туралы» (бұдан әрі - Жол жүрісі туралы) заңдары, Қазақстан Республикасының қоғамдық, жол қауіпсіздігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілері және осы Нұсқаулық болып табылады.
3. Жол-патрульдік полициясы қызметтің жұмысында:
1) жол-патрульдік полициясының бекеті - жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын (аварияларды талдау, жоғары тұрған орнадар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерін бірыңғай орналастыру негізінде) белгілеген нақты орын.
2) жол-патрульдік полициясының жасақшасы - қоғамдық тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес мақсатында бекеттер мен патрульдеу бағыттарында нысанды киімде қызмет атқару үшін тағайындалған ЖППСБ қызметкері немесе бірнеше қызметкері.
3) жол-патрульдік полициясының стационарлық бекеті - арнайы қызметтік үй-жайлармен жабдықталған, жедел-техникалық және арнайы құралдармен, инженерлік және өзге де құрылыстармен жарақталған, сондай-ақ оларға жауаптылық аймағы бекітілген жол-патрульдік полициясы саптық бөліністері жасақшаларының қызмет атқаратын орны.
4) патрульдеу бағыты - командирлер белгілеп, басшылық бекіткен жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындайтын автомобиль жолының (көшенің, автомагистральдың) учаскесі (аварияларды талдау, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың нұсқаулары мен өкімдері, жоспарлар, полицияның кешенді күштерінің бірліктерін шоғырландыру негізінде).
Полная версия