Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 мамырдағы
№ 600 қаулысымен
бекітілген
«Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қызмет стандарты күшін жойды 2015 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 589 Қаулысына сәйкес
1. «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 5 жұмыс күні.
Тауардың үлгісін ұсыну қажет болған жағдайда — тауардың үлгісі ұсынылған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн. Тауардың үлгісін ұсыну мерзімі көрсетілетін қызметті алушы тиісті хабарламаны алған сәттен бастап (көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде) немесе хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түскен сәттен бастап (портал арқылы жүгінген кезде) - 5 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған қорытындыны беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады);
Полная версия
ИС BestProfi