Близость слов: Окончание:





Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы лицензиарды және ақпаратты криптографиялық қорғау саласында екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.10.2018 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 10.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.10.2018 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.10.2018 жылғы № 691 Қаулысына сәйкес (27.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу;
ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар;
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат» екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 330-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық кауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 37, 362-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi