Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.12.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 602 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.12.2015 жылғы № 1063 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 278-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 279-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 602 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық тізілім арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесін міндетті түрде пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ТЖҚ) сатып алудың жылдық және (немесе) орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді бағдарламаларында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті адамдарының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар немесе олардың уәкілетті адамдары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды өткізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін тартатын мердігерлерінің ТЖҚ сатып алу тәртібін айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ТЖҚ сатып алуға байланысты тапсырыс берушілердің сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
2. Осы Қағидалар:
1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ТЖҚ-ны сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
3) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия