Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасын, «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы заңын және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген «Тауар биржасының үлгі ережесін » іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2021
«Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы № 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2014 жылғы 28 ақпандағы № 69-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 сәуірде № 9286 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 10.06.2021 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7711 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылдың 18 тамызында № 276-278 (27095-27097) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларында:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион бағыты - арттыру немесе төмендетуге арналған аукцион;
2) аукционға тапсырыс беруші - осы Қағидаларға сәйкес квоталар бірліктерін сату бойынша акционға бастамашылық ететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органға бағынысты ведомстволық ұйым;
3) арттыруға арналған аукцион - қатысушылар квоталар бірліктерін сатып алуға өтінішті бастапқы бағамен бірдей немесе жоғары баға қоя алатын аукцион;
4) ашу бағасы - биржалық саудалар басталатын баға, не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша алғаш жасалған биржалық келісім бағасы;
5) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметтін реттеу саласындағы уәкілетті органмен берілетін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-қоғамдық түрінде құрылатын және тапсырма бойынша тапсырыскердің есебіне және мүддесінде биржалық тауармен келісім жасайтын заңды тұлға;
6) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сауда қызметтін реттеу саласындағы уәкілетті органмен берілетін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық үлгісінде құрылатын және биржалық тауармен өз мүддесінде және өз есебіне, сондай-ақ тапсырыскердің тапсырмасы бойынша келісім жасайтын заңды тұлға;
7) жаңа және ұлғайтылатын қондырғылар - парниктік газдар шығарындыларының көзі болып табылатын және парниктік газдар шығарындыларын квоталауға жататын, бірақ Экологиялық кодекстің 16-бабы 7) тармағына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) алғашқы бөлу кезінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар алмаған және оның қолданылу кезінде пайдалануға берілген қондырғылар;
8) жоба инвесторы - парниктік газдары шығарындыларын ішкі азайту жобасын қаржыландыруды жүргізетін заңды тұлға;
9) квоталар бірліктерінің екінші қайтара айналымы - тауар биржасында бұдан бұрын үлестірілген квоталар бірліктерін саудалау;
10) квоталарды алғашқы сату - Ұлттық жоспарға сәйкес Ұлттық жоспарға кірмеген жаңа және ұлғайтылған операторлар арасында оларды стандартты аукцион тәртібінде сату арқылы жүзеге асырылатын квоталарды бөлу;
11) клиент - биржалық тауармен келісімшарт жасау үшін делдал және (немесе) дилердің қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
12) лот - сатылатын немесе шарт бойынша жеткізілетін және аукционнан саудаға салынатын квоталар бірліктері немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктері;
13) мерзімді келісімшарт - орындалу мерзімі ұзартылған базалық активті шартсыз және шартты сату-сатып алу келісімшарты, оған фьючерс, опцион жатады;
14) операцияларды халықаралық тіркеу журналы - операциялардың дұрыстығын тексеру, оның ішінде белгіленген мөлшер бірліктерін, шығарындыларды азайту бірліктерін, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктерін, сіңіру бірліктерін айналымға енгізу, тізілімдер арасында беру және алу, күшін жою және айналымнан шығару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы хатшылығымен белгіленген және басқарылатын көміртегі бірліктерінің ұлттық тізілімдерінде көміртегі бірліктерімен жүргізілген операцияларды тіркеудің халықаралық жүйесі;
15) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық келісімшарт;
16) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі сандық міндеттемелері бар халықаралық шарт - Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасы немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасының күші жойылғаннан кейінгі кезеңге парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша оған қатысатын елдердің сандық міндеттемелерін ұзартатын немесе белгілейтін халықаралық шарт;
17) сауда режимі - тауар биржасының сауда жүйесінде өтінімді жариялау және келісім жасау шарттарының жинтығы;
18) спот келісімшарты - тиісінше сатушы және сатып алушы өздеріне тиісінше сатушыда келісімшарт жасаған сәтте қолда бар парниктік газдар шығарындыларына квота бірліктерінің және көміртегі бірліктерінің белгілі бір мөлшерін сатып алушыға төлем жасалғаннан кейін, бірақ келісімшарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей бере отырып, сату немесе төлеу міндетін алатын келісімшарт;
19) стандартты аукцион режимі - сатып алушы (сатушы) - аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;
20) трансакция - бір шоттан Қазақстан Республикасы Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің басқа шотына аудару арқылы орындалатын, оларды шығару, үлестіру, беру, күшін жою, айналымнан шығару, парниктік газдар шығарындыларын квоталау және саудалаудың келесі кезеңіне тасымалдауды қоса алғандағы квоталар бірліктерімен немесе шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен жасалатын операция;
21) фьючерстік мәміле - сауда қатысушылары болашақта белгілі кезеңде биржалық тауардың белгілі мөлшерін келісімшарт жасау кезінде белгіленген баға бойынша қою (қабылдау) міндеттемелерін өздеріне алумен, тауар биржасында шұғыл келісішарттармен жасалатын, кепілзат төлемімен биржалық келісімшарт, ол бойынша есептеулер клирингтік орталық арқылы жүргізіледі;
22) халықаралық көміртегі бірліктері - белгіленген мөлшер бірліктері, шығарындыларды азайту бірліктері, шығарындыларды азайтудың сертификатталған бірліктері;
23) шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін бастапқы беру - шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту немесе олардың сіңірулерін арттыру жобасын қаржыландыратын инвесторға беру;
24) ішкі азайту шығарындылары бірліктерінің екінші қайтара айналымы - тауар биржасында парниктік газдар шығарындыларын ішкі азайту жобасының инвесторына (инвесторларына) бергеннен кейін орындалатын ішкі азайту шығарындыларының бірліктерімен сауда жасау;
25) электрондық сауда жүйесі - электрондық биржалық сауда жүргізу үшін қажетті және биржалық мәмілелер мен клиринг жасасу, сондай-ақ ақпарат жинау, сақтау, өңдеу мен ашу үдерісін автоматтандырылуын қамтамасыз ететін қажетті есептеу құралдарының, бағдарламалық қамтамасыз етудің, деректер қорының, телекоммуникациялық құралдардың және тауарлық биржаның басқа жабдықтар кешені.»;
«9. Квота бірліктерінің қолданыста және айналымда болу мерзімі олар сәйкесінше орналастырылған Ұлттық жоспардың әрекет ету кезеңі бойынша есептілікті ұсыну күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күнімен шектеледі.»;
«14. Тауар биржасы квота бірліктерімен және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерімен сауданы стандартты аукцион (бұдан әрі - аукцион) тәртібінде тауар биржалары туралы заңнамаға сәйкес ұйымдастырады.»;
«25. Квота бірліктерін сату бойынша бірінші аукционды өткізуге квота көлемінің резервін басқару функциясын жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органы жаңа және ұлғайтылатын қондырғылар операторларынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемінің резервінен квоталар алуға кемінде 2 өтініш алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бастамашылық етеді. Квоталарды сату бойынша одан кейінгі аукциондарды жоспарлау оларды өткізудің ең аз кезеңділігін ескере отырып, бір жылдан сирек емес уақытта жүзеге асырылады.
26. Квота бірліктерін сату бойынша аукциондарды өткізу саны, кезеңділігі және жоспарланатын кезеңдері туралы ақпарат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында квота бірліктерін сату бойынша бірінші аукцион өткізілген күннен бастап он бес күннен кешіктірілмей жарияланады.
27. Бірінші аукционнан сатуға жататын квоталар көлемі Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінен отыз пайыздан асыра алмайды. Ұлттық жоспардың квота көлемі резервінен қалған квота бөлігін квота көлемі резервін басқару функциясын жүзеге асыратын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы өз қарауы бойынша басқарады.
28. Квоталарды сату бойынша аукциондарды өткізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы тауар биржасына делдалдық/дилерлік компания арқылы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 қаулысымен бекітілген Тауар биржасының үлгі ережесіне (бұдан әрі - Үлгі ережесі) сәйкес өтініш беру арқылы бастамашылық етеді.»;
«30. Жеткізілімі бір жыл квота бірлігін акционнан алғашқы сату жағдайында бір лотты құрайды. Аукционнан сатылуға арналған әр лоттың жалпы ең аз мөлшерін тапсырыс беруші көміртегі қос тотығы эквивалентіндегі жүз еселі тоннасы көлемде белгілейді.
31. Квоталарды жеткізу мерзімі Үлгі ережесіне сәйкес квоталарды өтеу мерзімін ескере отырып аукционға тапсырыс беруші белгілейді.»;
«36. Тауар биржасы квоталарды сату аукционын өткізу жөнінде хабарландыруды аукцион жүгізуге келісім берген күні Үлгі ережесіне сәйкес биржаның интернет-ресурсында жариялайды.
37. Квоталарды сату бойынша аукционға мүдделі тұлғалар аукционға тапсырыс берушінің байланыс тұлғасына қатысуға өтінішті қолма-қол немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық түрде жолдайды.»;
«43. Қатысуға өтініштер қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші делдал/дилер тұлғасында тауар биржасына аукционға қатысуға жіберілген үміткерлер тізімін жолдайды.
44. Егер аукционға қатысуға екіден аз өтініш берілсе, онда аукцион өткізілмейді. Аукционды болдырмау туралы ақпаратты тауар биржасы өзінің интернет-ресурсында аукционды болдырмау күні жариялайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 тараумен толықтырылсын:
«4-1. Бағаның құрылуы және баға белгілеу
44-1. Квота бірліктерін және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерін тауар биржасында іске асыру биржалық келісімшарт тараптарының келісімімен белгіленетін еркін баға бойынша жүргізіледі.
44-2. Тауар биржасында баға деңгейі биржалық сауданы жүргізу уақытында квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.
44-3. Жоқ болған жағдайда, тауар биржасында квота бірліктерінің қайталама айналымында оларға биржалық баға белгілеу саудасын жүргізу күні квота бірлігі үшін баға Ұлттық жоспардың квоталар көлемінің резервін басқару бойынша міндетті іске асыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымға қызмет ұсынатын халықаралық тәуелсіз ақпарат жеткізушісінің квота бірліктеріне бағаны биржалық баға белгілеу есебімен анықталады.
44-4. Тауар биржасында баға белгілеу қалыптасқан нарық жағдаяты есебімен тауар биржасында іске асырылатын квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктерінің бағалары туралы дәйекті ақпарат алу мақсатымен жүргізіледі.
44-5. Квота бірліктері және шығарындыларды ішкі азайту бірліктеріне баға белгілеу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасымен жүзеге асырылады.
44-6. Баға белгілеу анықтамалық сипатта болады және биржалық тауар қатысушылары және басқа мүдделі тұлғалар үшін бағдарлы болып табылады.».
2. Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент осы бұйрықтың:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Ахсамбиев
Полная версия