Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған мекеменің жарғысы бекітілсін.
3. Мекеменің штат саны 58 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкін мекемеге бере отырып, оны тарату туралы шаралар қабылдасын;
2) бір ай мерзімде мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) мекемені республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме басшыларының, мамандары мен қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (мөлшерлемелерін) 1,72 арттырушы коэффициентті қолдана отырып белгілеуді қамтамасыз етсін;
5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 150 Жарлығымен (17.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)
9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2014 жылғы 17 маусымдағы
 № 837 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Полная версия
ИС BestProfi