Мемлекеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 827 Жарлығы
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес
Редакция 11.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданыстағы стратегияларды, тұжырымдамаларды, доктриналарды, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.03.2010 жылғы № 931 Жарлығымен (18.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін;
2) Әлеуметтік-экономикалық даму, салалық бағдарламалардың болжамын әзірлеу ережесін 2009 жылғы 1 қыркүйекке дейін бекітсін;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың 2-тармағын іске асыруға байланысты бағдарламаларды әзірлеуді қоспағанда, Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік, салалық бағдарламаларды, аумақтардың даму бағдарламаларын әзірлеуге тыйым салу енгізілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау ЖҮЙЕСІ
Жоспарлау жүйесі өзгертілді ҚР Президентінің 04.03.2010 жылғы № 931 Жарлығымен (18.06.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.03.2010 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Жоспарлау жүйесі өзгертілді ҚР Президентінің 30.12.2011 жылғы № 213 Жарлығымен (04.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) Жоспарлау жүйесі өзгертілді ҚР Президентінің 27.08.2012 жылғы № 371 Жарлығымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.09.2012 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Жоспарлау жүйесі өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2013 жылғы № 582 Жарлығымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Жоспарлау жүйесі өзгертілді ҚР Президентінің 17.06.2014 жылғы № 840 Жарлығымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (бұдан әрі - Мемлекеттік жоспарлау жүйесі) - елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін) және қысқа мерзімді (1 жылға дейін) кезеңдерге арналған дамуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарынан, құжаттарынан, процестерінен және оған қатысушылардан тұратын өзара байланысты элементтер кешені.
2. Мемлекеттік жоспарлау мемлекеттік билік органдарының және елді дамыту процесіне өзге де қатысушылардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын өсіруге және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған қызметін қамтиды.
Полная версия