Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2025 жылғы № 388 Қаулысына сәйкес (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) полиграф – аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін вербалдық және көру стимулдарына жауапта адамның қарқынды физиологиялық реакциясына (тыныс алуы, жүрек-тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бет әлпетінің мимикасы және басқалары) сауалдама жүргізу процесінде тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу – адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы датчиктердiң көмегiмен тiркеуден тұратын сауал қою рәсiмi;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.05.2025 жылғы № 388 Қаулысына сәйкес (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) полиграфолог – тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге оның құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.
3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.11.2022 жылғы № 910 Қаулысына сәйкес (16.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар;
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде қажеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері;
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2025 жылғы № 388 Қаулысымен (17.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басшысының шешімі бойынша аттестаттау кезінде өтеді.