Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015
Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 12 маусымда № 9507 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 11 желтоқсаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 20.10.2015 жылғы № 857 Бұйрығына сәйкес
«Азаматтық қорғау туралы» 11 сәуірдегі 2014 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағы үшінші абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық органдарында оқытудан өткен тыңдаушыларға берілетін сертификат нысандары туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 226 бұйрығына қосымша
Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны
Полная версия
ИС BestProfi