Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2014
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық органдарында оқытудан өткен тыңдаушыларға берілетін сертификат нысандары туралы
 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 541 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды 28.06.2014 жылдан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 16.05.2014 жылғы № 226 Бұйрығына сәйкес
«Төтенше жағдайлар саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды қкытып-үйрету, хабардар ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 50 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрамы мен мамандарының біліктілігін арттыру курсын аяқтау туралы құжатты берудің бірыңғай нысанын белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа № 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық органдарында оқудан өткен тыңдаушыларға берілетін сертификат нысандары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оку-әдістемелік орталықтары және аумақтық органдары сертификаттарды қатаң белгіленген нысан бойынша беруді жүзеге асырсын.  
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 541 бұйрығына 1-қосымша
 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу-әдістемелік орталықтарында және аумақтық органдарында оқытудан өткен тыңдаушыларға берілетін сертификат нысандарына жалпы талаптар
  1. Сертификат мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы тиіс;  
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 541 бұйрығына 2-қосымша
 ҚР ТЖМ аумақтық органдарға берілетін Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында біліктілігін арттырудың курсын өткені туралы сертификат нысаны
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 541 бұйрығына 3-қосымша
 ҚР ТЖМ оқу-әдістемелік орталық берілетін Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында біліктілігін арттырудың курсын өткені туралы сертификат нысаны
Полная версия
ИС BestProfi