1. «Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
«Азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418 Бұйрығын қараңыз
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
тіркеу куәлігін алу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды (немесе кері қайтарады) және сараптамаға немесе сынауға жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
байқаудан өткізу – 2 (екі) жылдан аспайды;
тіркеу сынақтары – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде шешім қабылдайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
тіркеу куәлігінің телнұсқасын алу кезінде – күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азықтық қоспаларға тіркеу куәлігі (бұдан әрі – куәлік) немесе оның телнұсқасы.
Полная версия