Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
 № 664 қаулысымен
 бекітілген
«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418 Бұйрығын қараңыз
1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жүгінген күні ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
Полная версия
ИС BestProfi