Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2014 жылғы 17 маусымдағы
 № 664 қаулысымен
 бекітілген
«Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418 Бұйрығын қараңыз
1. «Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықтар мен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңселері, сондай-ақ www.e.gov.kz      «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аудандық аумақтық инспекция өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өндіріс объектісін қарап тексеруді жүзеге асырады;
облыстық аумақтық инспекция құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде есепке алу нөмірін беру туралы шешім шығарады;
аудандық аумақтық инспекция растау сәтінен бастап бір жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық инспекциясына:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық инспекциясы өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде есептік нөмір беру туралы немесе есептік нөмір беруден бас тарту туралы шешім береді;
есептік нөмірдің телнұсқасын алу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда аумақтық бөлімше 5 (бес) жұмыс күні ішінде есептік нөмірді қайта ресімдейді және растама береді;
өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есептік нөмір берудің қайталама рәсімінен өтеді;
Полная версия
ИС BestProfi