«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2016
Автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 245 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 мамырда № 9430 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.05.2015 жылғы № 671 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) «Техникалық байқау операторларына механикалық көлік құралдарының және оларға тіркемелердің мiндеттi техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік бланкілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүріп өтуіне арналған рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
6) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 815 «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8145 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 134-135 (27408-27409) «Казахстанская правда» газетінде, 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 108 (28047) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 817 «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шетел мемлекеттері аумағы бойынша жүріп өтуіне рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8138 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 маусымдағы № 190-191 (27464-27465) «Казахстанская правда» газетінде, 2013 жылғы 5 маусымдағы № 141 (28080) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 816 «Техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8137 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 134-135 (27408-27409) «Казахстанская правда» газетінде, 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 108 (28047) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
4) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 828 «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8200 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 198-199 (27472-27473) «Казахстанская правда» газетінде, 2013 жылғы 12 маусымдағы № 64 (28003) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
Полная версия