1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Қылмыстық-процестік кодексі
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 21.11.2024 № 136-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 ж., 01.07.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады.
2-бөлік өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157- VII ҚРЗ Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстiң ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргiзетiн органның шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі.
5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия