ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат; 2004 ж., № 22, 276-құжат; 2005 ж., № 19, 227-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2008 ж., № 4, 44-құжат; № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2010 ж., № 9, 105-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 55, 738-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 67, 896-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі",
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі",
"Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы".
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (03.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2011 ж., № 52, 712-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әділбек Рыскелдіұлы хатшысы, төраға,
Полная версия