Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2023
«Тоқыма галантерея өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 474 бұйрығы
Осы Бұйрық 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріп отырған «Тоқыма галантерея өндірісі» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б. А. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН»
 Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты әлеуметтік
 қорғау министрі
 Т. Дүйсенова
 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа технологиялар
 министрінің міндетін атқарушының
 2013 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 474 бұйрығымен бекітілді
«Тоқыма галантерея өндірісі» кәсіби стандарты
1. «Тоқыма галантерея өндірісі» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) біліктілік деңгейіне, құзыреттікке, еңбек мазмұны, сапасы мен шарттарына қойылатын талаптарды анықтайды және мына мақсаттарға арналған:
1) кәсіби қызмет мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуге;
2) еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
3) персоналды басқару саласында бірқатар міндеттер шеңберін шешуге;
4) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
5) мамандардың кәсіби даярлығына бағалау мен біліктілігінің сәйкестігіне растау жүргізуге арналған.
Полная версия
ИС BestProfi