Близость слов: Окончание:





«Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009  жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса берілген Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязов):
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кезектегі жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсінде орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице – министрі Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.  
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрінің 
2014 жылғы «    »        
№      бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесі  
1. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес әзірленген және ұйымдастырушының дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы немесе дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу және қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордың сатып алу жүргізу кезіндегі дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін (бұдан әрі – жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесі) қалыптастыру тәртібі мен мерзімін анықтайды.  
2. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бірыңғай дистрибьютор қалыптастырады және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында орналастырады.  
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:  
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыраты жеке тұлға немесе сатып алу процесіне қатысатын заңды тұлға;
2) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды ұйымдастыруды, оның нәтижелері бойынша өнім берушімен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ қамтамасыз етуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тапсырыс берушілерге жеткізіп беру жөніндегі қызметтер ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі – біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген, сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілер, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сот шешімімен бұзушылық жіберген деп танылған, жосықсыз әлеуетті өнім берушілер тізбесіне осындай заңды тұлғаларды кіргізуге негіз болып табылған өнім берушілер туралы бірыңғай дистрибьютор қалыптастыратын мәліметтер;
4) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес сатып алу жүйесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастыратын әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесі;
5) өнім беруші - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес жеткізу шартын жасасқан не Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан заңды тұлға немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
6) сатып алу туралы шарт - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес лизинг беруші/тапсырыс беруші және өнім беруші арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, барлық қосымшаларымен және оған толықтырулармен, сондай-ақ шартта сілтемесі бар барлық құжаттамалармен бірге тараптар қол қойған шарт;
7) сатып алуды ұйымдастырушы – тапсырыс беруші немесе Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережеге сәйкес сатып алуды ұйымдастыру үшін белгілеген тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлға;
8) тапсырыс берушілер – денсаулық сақтау саласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарлар мен қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін жеке меншік нысанына және қатысуына қарамайтын заңды тұлғалар.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру тәртібі
4. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін осы Ережеде көзделген негіздемелер бойынша бірыңғай дистрибьютор қалыптастырады.
Жасалған шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған медициналық техниканың өнім берушілерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері тізіліміне енгізуді тапсырыс беруші немесе мемлекеттік сатып алулар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде лизинг беруші жүзеге асырады.  
5. Әлеуетті өнім беруші оны жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) деп танығаны туралы заңдық күшке ие болған соттың шешімі негізінде, сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылар тізбесіне кіргізген жағдайда жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне кіргізуге жатады.  
6. Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз деп тану жөнінде сотқа шағымдануға мыналар:  
1) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесімен көзделген біліктілік талаптары бойынша әлеуетті өнім берушінің дәйексіз ақпаратты ұсынуы;
2) әлеуетті өнім берушінің дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар және (немесе) медициналық техниканы сатып алуда оны жеңімпаз деп таныған жағдайда шарт жасасудан жалтаруы;
3) әлеуетті өнім берушінің Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесі 5-тармағының талаптарын бұзуы;
4) әлеуетті өнім берушінің дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар және (немесе) медициналық техниканы жеткізу/сатып алу туралы шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамауы негіз болып табылады.
Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген жағдайда Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) бұзғандығы туралы дерек мәлім болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз деп тану туралы сотқа арызымен шағымдануға міндетті.  
Тапсырыс беруші немесе лизинг беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда медициналық техниканы сатып алу туралы шартты өнім беруші бұзғандығы туралы дерек мәлім болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей мұндай әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз деп тану туралы сотқа арызымен шағымдануға міндетті.
7. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттардың дұрыстығын сатып алуды ұйымдастырушы не дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар және (немесе) медициналық техника сатып алуды жүзеге асырудың кезкелген кезеңінде бірыңғай дистрибьютор белгілейді.
8. Өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпаратты ұсыну фактісін белгілеген тұлғалар:
1) мұндай дәйек белгіленген күннен бастап үш күннен кешіктірмей бұл туралы сатып алуды ұйымдастырушыны не біріңғай дистрибьюторды осы факторларды куәландыратын құжаттар көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып жазбаша хабардар етуге;
2) мұндай факт белгіленген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сотқа арызымен шағымдануға міндетті.  
9. Ереженің 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне кіргізілген әлеуетті өнім берушімен шарт жасалуы мүмкін.  
Жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушіні шарт жасасудан жалтарған деп таныған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы немесе тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушіні еріксіз шарт жасасу туралы, сондай-ақ шарт жасаудан жалтару салдарынан келтірілген шығындарды өтеу туралы сотқа арызбен шағымдануға құқығы бар.
10. Медициналық техниканы сатып алу туралы шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін өнім берушіні жосықсыз деп танығандығы туралы сот шешімінің заңдық күшке ие болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші не лизинг беруші жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру үшін бірыңғай дистрибьюторды хабардар етеді.
11. Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз деп тану туралы сот шешімінің күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде сатып алуды ұйымдастырушы не бірыңғай дистрибьютор мынадай ақпараттарды:
1) Жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы ақпарат:
заңды тұлғаның құрылтайшылары, акционерлері;
2) жүргізілген сатып алулар туралы мәліметтер:
сатып алу қорытындыларын өткізу күні;
сатып алынатын медициналық техника және (немесе) сатып алуы өткізілген дәрілік заттар және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар атаулары;  
3) Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне кіргізуге негіздеме;
4) Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне кіргізген және шығарылған күнін көрсете отырып, сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп танитын куәландырылған құжаттарды қалыптастырады.
12. Бірыңғай дистрибьютор ақпараттарды жинағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесін қалыптастырады және оны кезекті интернет-ресурсында бір уақытта өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыра отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
13. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне кіргізген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды және (немесе) медициналық техниканы сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
Мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы тізіліміне кіргізілуіне байланысты өнім берушінің жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде болу мерзімі оның аталған тізілімде болу мерзімінен аспауы тиіс.
14. Әлеуетті өнім берушіні (өнім беруші) бірыңғай дистрибьютор жиырма төрт ай өткен соң денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органды хабардар ете отырып, бір жұмыс күні ішінде жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесінен шығарады.
15. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, бірыңғай дистрибьютордың интернет-ресурсында орналастырылатын жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесі ақысыз мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қол жетімді.
16. Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне кіргізу туралы шешімді олар сот тәртібінде қайта қарауы мүмкін.
Дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдар
мен медициналық техниканың жосықсыз 
әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер)
тізбесін қалыптастыру ережесіне
қосымша
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесі
 

р . т .

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат



Өткізілген сатып алулар туралы мәліметтер

Әлеуетті өнім берушіні (өнім беруші) жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне кіргізуге негіздеме

Әлеуетті өнім берушіні (өнім беруші) жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесіне кіргізген және шығарған күні көрсетілген сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп танитын куәландырылған құжаттар

Өнім беруші атауы

Өнім берушінің орналасқан жері

Б С Н/

ЖС Н

құрылтайшылар, акционерлер

сатып алу тәсілі

сатып алу қорытындыларын өткізу күні

медициналық техника немесе сатып алуы өткізілген дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымның атауы





















«Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р / т

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік орган ақпараты

1 .

Мемлекеттік орган – жоба әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

2 .

Жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35- тармағын іске асыру мақсатында

3 .

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанған әлеуметтік -экономикалық және /немесе құқықтық салдар

Жобаның қабылдануы кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарды болдырмайды



4 .

Жобаны іске асырумен байланысты жобаланған қаржылық шығындар

Жобаның қабылдануы республикалық және жергілікті бюджеттерден шығындарды қажет етпейді

5 .

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және жобаның қабылдануының болжанған тиімділігі

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру мақсатында

6 .

Жобада қарастырылып отырған мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асқан нәтижелері туралы мәліметтер

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысы

7 .

Жобаға сәйкестендіріп заңнаманы келесі келтіру қажеттілігі

Қажет емес

8 .

Қосымша сараптама нәтижелері (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа), егер ол басқа ұйымдарда Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша өткізілген болса

Өткізілген жоқ

9 .

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Мемлекеттік органның интернет - ресурсінде (веб - сайтында, интернет - порталында немесе басқа да ақпараттық жүйесінде) бұйрық жобасының орналасқандығы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің www . mz . gov . kz интернет - ресурсінде орналасқан

11 .

Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасы пресс-релизінің мемлекеттік органның интернет-ресурсінде (веб-сайтында) оналасқандығы туралы ақпарат (пресс-релиз атауы, күні)

Қажет емес

Полная версия
ИС BestProfi