Близость слов: Окончание:





«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 31 шілдедегі № 8046 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
 Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-тармағында көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде 21 жұмыс күн ішінде қызмет көрсету мерзімі қарастырылған.
Сондай-ақ, бұл қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінің объектіге қатынасуын және оны тексеруін қарастырмайды және қызмет берушіге өтініш берген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; құжаттарды ұсыну сәтінен бір айдан кешіктірмей психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының есепте тұрмайтыны туралы анықтама бар құжаттарды тексеру арқылы көрсетіледі.  
Осыған байланысты, қызмет көрсету мерзімін 21 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін қысқартуды мүмкін деп санаймыз.
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма Төрағасының Орынбасары З. Ноғайбай
Полная версия
ИС BestProfi