Близость слов: Окончание:





2014 жылы көрнекті мәдениет, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің мерейтойларына дайындық және оларды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 815 қаулысы
«Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) ақын, әнші-композитор, атақты палуан Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
2) көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына  125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
4) көрнекті актер, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
5) көрнекті театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
6) көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К. Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Ақын, әнші-композитор, атақты палуан Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөнiндегi іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында және грек-рим күресінен жастар арасында облыстық турнир өткізу

Ақтөбе облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

165,5

2.

Бурабай ауданында облыстық «Хрустальный колос» ХХVIII қысқы спартакиадасының финалын өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

2 599,1

3.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Наурыз» облыстық ақындар айтысын өткізу

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

4 000,0

4.

Халық палуаны, ақын және композитор Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауын өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

16 000,0

5.

Ақмола облысының Астрахан ауданында Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлерінен ХІV «Құлагер» облыстық спартакиадасының финалын өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

3 192,7

6.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» турнирін өткізу

Қызылорда облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

15 138,0

7.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған грек-рим күресі бойынша ашық турнир өткізу

Маңғыстау облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

500,0

8.

Ақмола облысының Бұланды ауданында Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Ақ бидай» ХХVІІ облыстық жазғы спартакиадасының финалын өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жылғы

III тоқсан

Жергілікті бюджет

3 211,5

9.

Балуан Шолақтың, Біржан салдың, Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың және халық әндерін орындаушылардың «Ата мұра» өңірлік байқауын өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жылғы

III тоқсан

Жергілікті бюджет

1 500,0

10.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткізу

Ақмола облысының әкімдігі

2014 жылғы

III тоқсан

Жергілікті бюджет

1 000,0

11.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» облыстық байқауын өткізу

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жылғы

ІII тоқсан

Жергілікті бюджет

600,0

12.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы

III тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

15 337,0

13.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирін өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Жамбыл облысының әкімдігі

2014 жылғы ІV тоқсан

Бюджеттен тыс қаражат

200,0

14.

«Балуан Шолақ». Шығармалары. Өмір жолы туралы мақалалар, естеліктер, повестер» кітабын шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

2 400,0

15.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған мәдени-спорттық іс-шаралар өткізу

Алматы қаласының әкімдігі

2014 жылғы ІV тоқсан

Жергілікті бюджет

5 000,0

16.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен турнирлер өткізу

Астана қаласының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

Жергілікті бюджет

Талап етілмейді

Жергілікті бюджет

Жергілікті бюджет

_

397,8

_

729,6

180,0

17.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша XVII облыстық кешенді спартакиада өткізу

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

7 214,0

18.

Оқушылар арасында Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Жас тұлпар» айтысын өткізу

Қостанай облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

200,0

19.

Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған тақырыптық концерт өткізу

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Бюджеттен тыс

қаражат

17 737,0

61 628,2

200,0

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым, педагог Санжар Асфендияровтың туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

«Ғалым, қайраткер, ұстаз» атты көркемделген кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

2.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған материалдарды жариялау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2014 жыл бойы

Бюджеттен тыс қаражат

200,0

3

Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

8 575,0

4.

«Санжар Асфендияров – ұлт мақтанышы» атты тақырыптық кеш өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жылғы IV тоқсан

Талап етілмейді

_

5.

Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған салтанатты жиын мен өнер шеберлерінің концертін өткізу

Алматы қаласының әкімдігі

2014 жылғы IV тоқсан

Жергілікті бюджет

5000,0

6.

«Санжар Асфендияров. Шығармалары» атты Санжар Асфендияровтың 4 томдық шығармалар жинағын шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

8000,0

7.

«Асфендияров оқулары» айлығын өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2014 жылғы IV тоқсан

Бюджеттен тыс қаражат

200,0

8.

Тұңғыш ректор Санжар Асфендияровтың мерейтойына арналған ғылыми-практикалық «ҚазҰМУ хабаршысы» журналының кезекті бір нөмірін дайындау және шығару

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2014 жылғы IV тоқсан

Бюджеттен тыс қаражат

200,0

9.

Жыл сайынғы Университет күндері шеңберінде Қазақ ұлттық медицина университетінің алғашқы ректоры Санжар Асфендияровтың 125 жылдығына арналған конференция өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі,

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2014 жылғы IV тоқсан

Бюджеттен тыс қаражат

200,0





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Бюджеттен тыс қаражат

16 575,0

5 000,0

800,0

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

«Тағылымы зор тұлға» атты әдеби кеш өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

2.

«Алаш арыстарының елдік мұраттары» атты тақырыптық кеш өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

3.

Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)

2014 жыл бойы

008 «Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

8 043,0

4.

«Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі» атты республикалық ғылыми конференция өткізу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

2014 жыл бойы

Бюджеттен тыс қаражат

960,0

5.

«Жүсіпбек Аймауытов» 6 томдық шығармалар жинағының салтанатты тұсаукесерін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

6.

«Тағылымы зор тұлға» атты көркемделген кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

7.

«Қазақ әдебиетінің майталманы» атты мерейтойлық көрме өткізу

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жылғы ІІІ тоқсан

Талап етілмейді

-

8.

«Жүсіпбек Аймауытов _ қаһарлы жүрек» тарихи драмасын сахналау

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

1 500,0

9.

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Мойылды шатқалында «Ардақты Алаш азаматы» атты Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар өткізу:

әдеби-музыкалық қойылым;

ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (аламан бәйге, қазақ күресі)

Павлодар облысының әкімдігі,

Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімдігі

2014 жылғы IІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

5 000,0

2 000,0

10.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары және Астана қаласы театрлары арасында Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған өңірлік театр фестивалін ұйымдастыру және өткізу

Павлодар облысының әкімдігі,

Қазақстан Театр қайраткерлері одағы (келісім бойынша)

2014 жылғы IV тоқсан

Жергілікті бюджет

11 721,5

11.

Жүсіпбек Аймауытов оқуларын өткізу

Павлодар облысының әкімдігі,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Бюджеттен тыс қаражат

8 043,0

20221,5

960,0

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Көрнекті актер, режиссер, КСРО халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

«Қазақ өнерінің жұлдызы» атты көркемделген кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

2.

Ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесерін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

3.

«Актер. Режиссер. Кинодраматург» атты кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

4.

«Өз маманының хас шебері» атты Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған шығармашылық кеш өткізу

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

5.

Қазақ киносы жұлдыздарының қатысуымен кинорежиссер, актер Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған киноконцерт өткізу

Павлодар облысының әкімдігі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

2 000,0

6.

Павлодар облысы бойынша Шәкен Аймановтың көркем фильмдерінің ретро көрсетілімін өткізу

Павлодар облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

500,0

7.

«Тақиялы періште» атты киноконцерт өткізу

Астана қаласының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

2 000,0

8.

Павлодар қаласында Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған қазақстандық кино күндерін өткізу

Павлодар облысының әкімдігі, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

5 000,0

9.

Шәкен Аймановтың туған жері Павлодар облысы Баянауыл ауданында салтанатты іс-шаралар өткізу:

«Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінің жаңғырығы;

«Ұлы кинорежиссер, актер Шәкен Айманов» атты мерейтойлық іс-шара;

ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар (аламан бәйге, қыз қуу, қазақ күресі)

Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімдігі

2014 жылғы ІІІ тоқсан

Жергілікті бюджет

10 000,0

10.

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиын мен өнер шеберлерінің концертін өткізу

Алматы қаласының әкімдігі, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жылғы ІV тоқсан

Жергілікті бюджет

5 000,0

11.

Шәкен Айманов туралы деректі фильм түсіру

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жылғы ІV тоқсан

007 «Ұлттық фильмдерді шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

15 000,0

12.

«Шәкен Айманов» атты кітап-альбом шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

9 200,0

13.

«Шәкен Айманов. Уақыт. Оқиғалар. Тұлғалар» атты монография шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

2 630,0

14.

Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы ІV тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

9 242,0

15.

Қарағанды қаласы мен облысы бойынша «Шәкен Айманов және кино» атты фильмдер көрсетілімі айлығын өткізу

Қарағанды облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

16.

Алматы қаласында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының базасында Шәкен Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайын құру және ашу

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жыл бойы

Бюджеттен тыс қаражат

100 000,0

17.

Елімізде және шетелдерде өтетін қазақстандық кино күндері бағдарламасына режиссер Шәкен Аймановтың фильмдерін қосу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы (келісім бойынша)

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

18.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Шәкен Аймановтың өмірі мен қызметі жайлы материалдарды жариялау

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Бюджеттен тыс қаражат

36 072,0

24 500,0

100 000,0

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Көрнекті театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі Сәбира Майқанованың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған салтанатты жиын мен өнер шеберлерінің концерті

Алматы қаласының әкімдігі

2014 жыл бойы

Жергілікті бюджет

5 000,0

2.

«Мәңгі өлмес өнер иесі» атты көркемделген кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

3.

«Мәңгі өлмес өнер иесі» атты еске алу кешін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

4.

«Ұлы актриса Сәбира Майқанова» атты кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

5.

Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі

2014 жылғы ІІІ тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

Жергілікті бюджет

20 280,0

22 733,0

6.

Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Театр қайраткерлері одағы (келісім бойынша)

2014 жылғы IV тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

7 500,0

7.

«Сәбира Майқанова» атты фотоальбом шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

9 200,0





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

36 980,0

27 733,0

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
2014 жылғы 22 шілдедегі
 № 815 қаулысымен
 бекiтiлген
Көрнекті жазушы Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл толуына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
 

Р/с

Іс-шаралар атауы

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай өлкетану дилижансын өткізу

Қарағанды облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

2.

Саттар Ерубаевтың «Мои ровесники» романы бойынша аттас буктрейлер көрсету

Қарағанды облысының әкімдігі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

3.

«Менің құрдастарым» романының стильдік ерекшеліктері» атты тақырыптық кеш өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жыл бойы

Талап етілмейді

_

4.

«Жастық пен бақыт жыршысы» атты кітап көрмесін өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі

2014 жылғы III тоқсан

Талап етілмейді

_

5.

«Саттар Ерубаев». Роман, өлең-жырлар, әңгімелер және мақалалар» кітабын шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

2014 жылғы IV тоқсан

018 «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» республикалық бюджеттік бағдарламасы

3 715,0

6.

Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты іс-шара өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)

2014 жылғы IV тоқсан

008 «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» республикалық бюджеттік бағдарламасы

7 079,0





ЖИЫНЫ:









Республикалық бюджет

10 794,0

Полная версия
ИС BestProfi