Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымы мен штаттық санының өзгеруіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 58 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 292 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 15.04.2016 жылғы № 283 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 58 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«3. Бюджеттік комиссияның жұмыс органы болып Экономика және қаржы департаменті белгіленсін (Т.А. Нұрғожаева).».
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 292 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 58 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік комиссиясы
| 1. | Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға
|
| 2. | Ғалымова Әлия Қайратқызы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары
|
| 3. | Балықбаев Такир Оспанұлы
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
|
| 4. | Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
| 5. | Оразалиева Забира Жандарқызы
| Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
|
| 6. | Жолдасбаев Сансызбай Елеусізұлы
| Ғылым комитетінің төрағасы |
| 7. | Қарібжанова Роза Сәмидоллақызы
| Жастар ісі комитетінің төрағасы |
| 8. | Әбдікәрім Мәншүк Сәметқызы
| Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары
|
| 9. | Нұрғожаева Татьяна Александровна
| Экономика және қаржы департаментінің директоры
|
| 10. | Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
|
| 11. | Қаленова Дана Жамбылқызы
| Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры
|
| 12. | Жұмағали Шалхар Болатұлы
| Әкімшілік департаментінің директоры |
| 13. | Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы | Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры
|
| 14. | Мадеев Сабыржан Маратұлы | Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғарту департаменті директорының міндетін атқарушы
|
| 15. | Өтешова Анар Әбітайқызы
| Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары
|
| 16. | Ырсалиев Серік Әзтайұлы
| «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президенті
|
| 17. | Нюсупов Саят Нұрмұхамедұлы
| «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ вице-президенті
|
| 18. | Рахметова Жанар Исахметқызы | Бюджетті жинақтық жоспарлау басқармасының басшысы, хатшы. |

