Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен – бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – балық шаруашылығын дамыту, су ресурстарын басқару, ормандар, жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, оған:
бюджеттік жоспарлау саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
2) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінен – мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
3) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, оған:
электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің;
мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінен – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;
4) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – электр энергетикасы, атом энергиясы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы;
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінен – табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын бақылау саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып;
5) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, оған:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылсын.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі;
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі;
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі;
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі таратылсын.
1) жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес таратылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің екі орынбасары болады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
2) қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын мемлекеттік органдардың сабақтас салаларын кешенді реттеуді;
3) осы Жарлықта көзделген реформа жүргізілетін кезеңде орталық атқарушы органдар жүйесінің үзіліссіз жұмыс істеуін;
4) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін Үкімет пен министрліктер, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыреттерді нақты бөлуді қамтамасыз ету, министрлердің дербестігін арттыру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізуді, сондай-ақ осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай құрылымы белгіленсін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.».
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ
Полная версия
ИС BestProfi