Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.01.2016
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 227 бұйрығына
4-қосымша
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2016 жылғы 24 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 11.06.2015 жылғы № 376 Бұйрығына сәйкес
1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 605 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық іріктеуден өткен тұлғаларды жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады (бұдан әрі – құжаттар топтамасы).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі – ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттар топтамасын 15 минуттан аспайтын уақытта қабылдайды және оның толықтығын тексереді;
2) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы 15 минуттан аспайтын уақытта көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаушы тұлғаның тегін және аты-жөнін, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, қолхат береді;
3) жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін жоғары оқу орнының (бұдан әрі - ЖОО) деректер базасына енгізеді және көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеу нөмірін береді;
4) көрсетілетін қызметті алушы бекітілген кестеге сәйкес қабылдау емтихандарын тапсырады;
Полная версия
ИС BestProfi