Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2015
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 239-ө бұйрығына
1 қосымша
«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.07.2015 жылғы № 18-03/680 Бұйрығына сәйкес
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті:
жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласында ? Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті; 
балық ресурстары мен өзге де су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ? Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою квоталары (бұдан әрі – квота). 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің (қызметкерлерінің) әрекетжасау тәртібінің сипаттамасы
1. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтінім мен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі – өтінім) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
қызмет алушылардан қағазға басылған нұсқада мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінімі келіп түскен күні қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тіркеп, оны қарауға қызметті беруші басшылығына беруі;
қызметті беруші басшылығымен құжаттың келіп түскен күні мазмұнымен танысып, бұрыштама белгі қоюы. Құжатты қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына (қызметті берушінің басшысына) беруі;
қызметті беруші басшылығымен өтінім келіп түскен күні құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкерін таңдауы (бұдан әрі – орындаушы);
ұсынылған құжаттарды аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алу лимиттерін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткеннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толымдылығын қарау;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу – Қазақстан Республикасының Үкіметі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн ішінде стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толымдылығын қарау;
берілген құжаттар толық және шынайы болған жағдайда тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы.
6.Мына рәсімдерді (әрекеттерді) орындай бастауға негіз болатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімдердің (әрекеттердің) нәтижелері:
Полная версия
ИС BestProfi